Мәдениет

«Жібек жолы» сахнаға жол тартады

18-19 маусымда «Астана Балет» театрында хореограф Мукарам Авахри қойған «Жібек жолы» балетінің премьерасы өтеді. Либретто авторы – танымал ақын әрі сценарист Бақыт Қайырбеков. Музыкасын жазған – Арман Амар мен ­Ренат Ғайсин. Осы балет қою идеясын аталмыш театрдың арт-менеджері Әсел ­Исабаева ұсынды.

[smartslider3 slider=3254]

– «Жібек жолы» жобасымен жұмыс істеу барысында мен жібектің өзі жайлы көп нәрсе білдім. Мені әрдайым жаңа жобаның тақырыбы қызықтырады. Болашақ жобаның тақырыбы ізденуіме түрткі болады, жаңа бейнелерді жасауға, тың мәлімет іздеуге негіз жасайды. Мен бұл қызықты процесті хореографпен тандемсіз елестете алмаймын. Либреттоны жай ғана әңгіме ретінде жазу мүмкін емес. ­Мукарамның жұмысын және оның көркем құралдарды іздеудегі табандылығын, шығармашылық табиғатына адалдығын білгендіктен, мен оған құлай сендім. Себебі ол түпкі ойының сахнада қалай көрініс табатынын нақты біледі. Сөйтіп, маған да сенім дарытады. Шығармашылық дегеніміз осы, дәлірек айтқанда, тең шығармашылық. Мұнда штамп болмайды. Қанша дегенмен, «мәңгілік» дүние жасауды армандаймыз ғой, – дейді либретто авторы Бақыт Қайырбеков.

Аружан ЖҰМАТАЙ,

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
академиясының студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button