Жаңалықтар

«Жігіттер хикаясы»

«Хабар» агенттігі көрермендерге тағы бір телехикая ұсынды. 

Киноның атауы – «Жігіттер хикаясы». Бала кезден бірге өскен төрт жігіттің тағдыры төрт тарапқа бөлініп, жылдар өте қайта бір арнаға тоғысады. Әрине, мұнда да махаббат, сатқындық, жазатайым жағдайларға тап болған оқиғалар суреттеледі. Дегенмен, ең бастысы, достық деген ұлы ұғым фильм өзегіне арқау болған.
Телехикаяға тәжірибелі актер және тележүргізуші Жан Байжанбаев, Азамат Шарғынбаев сынды азаматтармен қатар, Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев түсті.
15 сериялы телехикая қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button