Мәдениет

Жігіттің сұлтандары күш сынасты

Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Жігіт сұлтаны – 2025» қалалық байқауы өтті.

Аталған іс-шараны Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ұйымдастырды. Ең басты мақсат – қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттау, салт-дәстүрін дәріптеу. Сонымен қатар жастардың дене шынықтыру мәдениетін арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту. Әрі жастарға өздерінің бойындағы спорттық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру.

«Жігіт сұлтаны» байқауы колледжіміздің бастамасымен 2020 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі байқауда қалалық колледждерден 8 студент бақ сынаса, олардың өнерін 250-дей көрермен тамашалады. Жарысқа қазылық етуге қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан және Азия чемпионы, күш экстримі бойын­ша бірнеше дүркін рекорд иесі Тимур Спатаев сияқты танымал спортшы және басқа да актер, журналистер атсалысты, – деп атап өтті Астана қаласы әкімдігінің Сервис және туризм колледжі директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Динара Әбелдинова.

Байқау екі күнге созылды. Алғашқы күнінде қатысушылар гір тасын көтеру, жүзу, садақ ату және асық ату сияқты спорттық сайыстардан күш сынасты. Ал сайыстың екінші күні қатысушылар бір-бірімен өнер таластырды. Ал байқау нәтижесі бойынша I орынды Аңсар Исқақов жеңіп алып, жігіт сұлтаны атанса, II орынды Алдияр Дүйсекеев, III орынды Нұрдәулет Серікбай жеңіп алды.

Бетті дайындаған Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button