Жаңалықтар

ЖИТС онкүндігі жарияланды

Бас қалада биыл 11-20 мамыр аралығында ­Халықаралық ЖИТС, яғни жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы құрбандарын еске алу күніне орай онкүндік жарияланды. Оның ­мақсаты – аурудың алдын алу мәселелеріне жастардың назарын аударып, оларға көбірек ақпарат беру.

[smartslider3 slider=2963]

1983 жылы алғаш рет жарияланған бұл күн бүгінде 115 елде атап өтіледі. Бұл күні жыл сайын ерекше ұран бекітіліп, сол ұранның аясында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Елордада да биыл Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім басқармасы, қалалық медициналық оқу орындары студенттерінің және үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен осы күнгі іс-шаралар «Біз есімізде ұстаймыз. Біз әрекет жасаймыз. Біз АИТВ-дан жоғарымыз!» ұранымен өтуде.

12 мамырда қала жастарының қатысуымен «Студенттер» саябағында кең ауқымды шара ұйымдастырылды. Акцияға 150-ден астам адам қатысып, оның 53-і қан талдауы, 19 адам ауыз қуысы сілекейі арқылы ЖИТС инфекциясын анықтауға тест тапсырды. 13 мамырда БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтсе, 14 мамырда елордадағы «Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы және «ҚТЖ» бас кеңсесінің ғимараты АИТВ-мен, яғни адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясымен күресу символы қызыл лента болғандықтан, кешкілік толық қызыл түске боялып жанды.

Қауіпті дерт өткен ғасырда өлімге әкелетін сырқат саналды. Қазіргі таңда АИТВ жұқпасы созылмалы ауру ретінде қаралады. Бұл пациенттің өмірін ондаған жылдарға созып, тәжірибеге жанама әсері аз болатын анти­ретровирусты терапияны, емдеудің жаңа дәрілік заттарын енгізумен байланысты болып отыр, яғни қазір дерт жұқтырған адам уақытылы ем-домын үзбей алып, дәрігердің ұсынысын ұстанған жағдайда биологиялық қарттық жасына дейін өмір сүре алады. Осы тұрғыда аурудың алдын алу мен емі бойынша медицина жоғары табыстарға қол жеткізді.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 1643 науқас осы ауру бойынша диспансерлік есепте тұр. Оның таралу деңгейіне байланысты еліміздің аймақтары 3 топқа бөлінеді: таралуы жоғары, орташа және төмен аймақтар. Нұр-Сұлтан қаласында инфекцияның таралу деңгейі жоғары. Бұл қолжетімді әрі тегін тестілеу мүмкіндігінің артуына тікелей байланысты болып отыр дейді мамандар. Себебі жыл сайын елорда тұрғындарының 25-30 пайызы осы дерт бойынша тест тапсырады.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button