Жаңалықтар

«Жизель» балеті

Таяуда «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрында Адольф Аданның «Жизель» балеті қойылды.

[smartslider3 slider=1088]

Бұл – талай рет көрерменнің көз қуанышына айналған байырғы көркем туынды. Адам бойындағы махаббат сезімін паш ететін би өнерінің жауһарынан әр адам өз жанына қажет рухани азық алары сөзсіз. Екінші жағынан, мұнда негізі аңызға құрылған астарлы ой жатыр.

Ол – қол жетпеген ғашық сезімнің құсасынан көз жұмған елес қыздар бейнесі. Олар енді жас жігіттерден кек алуды көздейді. Сондықтан некеқияр көйлектерін киген қыздар есінен танып құлағанша оларды шыр айналып билейді. Осыны балет би қимылында жеткізе білген театр бишілерінің өнеріне тәнті болсаң.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button