БілімЖаңалықтар

ЖОБАЛАРЫН­ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҚОРҒАДЫ

20140522_125146[1]

Биылғы оқу жылында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығын 112 түлек тәмамдады. Олардың қатарында жетеуі қызыл дипломмен­ бітірсе, екі студент дипломдық жобаларын орыс және ағылшын тілдерінде қорғап, жетік білімдерін көрсетті.

Аталған кафедра меңгерушісі, профессор Оразалы Қаңлыбаев бітірушілердің талпынысы көңіл қуантатынын айтады. «Биыл екінші рет түлектерімізді қанаттан­дырып, ұшырып отырмыз. Есігімізді ашқанымызға көп болмаса да, жетістіктеріміз баршылық. Солардың бірі, диплом алғалы тұрған студенттеріміздің биылғы легінің барлығы-дерлік жақсы, өте жақсы деген бағамен тәмамдады және олардың қатарында ғылыми жобаларын ағылшын және өзге тілде қорғағандар бар. Осындай жақсы бастама алдағы жылдары да жалғасын табатынына сенімім зор. Өйткені, үлкен ғылымға ағылшын тілімен ғана кіре аламыз, бұл – заман талабы» дейді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button