Елорда тынысы
Жоғарғы комиссар келеді

2023 жылғы 16-17 наурыз аралығында БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрктің Астана қаласына жұмыс сапары өтеді. Ф.Тюрктің мемлекет және Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесулері жоспарлануда.
Сонымен бірге мәртебелі мейман дәріс оқуды жоспарлап отыр.
Жоғарғы комиссар биыл аталып өтетін Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік декларацияның 75 жылдығына және Іс-қимыл жоспары бойынша Вена декларациясының 30 жылдығына арналған Қазақ мемлекеттік заң университетінде дәріс береді. 17 наурызда БҰҰ ғимаратында сапар нәтижесі бойынша қорытынды баспасөз брифингі өтеді.