Ел тынысы

Жоғары білім саласындағы басшыларға арналған семинар



Астанада жоғары білім саласындағы басқарушыларға арналған үш күндік семинар өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2024 жылғы 22-24 мамырда Астанада Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы академиялық біліктілік пен ынтымақтастық деңгейін арттыруға бағытталған «PhD Insights: NU-дың академиялық тәжірибесімен бөлісуі» семинары жоспарланған. Шараны университет пен ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Үш күндік семинарға Қазақстанның өңірлерінен келген 30 жоғары оқу орнының өкілдері қатысады – бұл жоғары білім саласындағы 70-тен астам басқарушы, олардың қатарында Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Әділет Тойбаев бар.

Үш күн ішінде NU оқытушылары PhD бағдарламаларын басқарудың негізгі ерекшеліктері, зерттеу жұмыстары бойынша ұсыныстарды дайындаудың қыр-сыры және басшылардың кәсіби тұрғыда дамуы мәселелері білімі және тәжірибесімен бөлісетін болады. Тыңдаушылар пікірталастарға, практикалық сабақтарға қатысып, университет кітапханасына экскурсия жасай алады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button