Елорда тынысы

Жоғары дәлдіктегі, аз инвазивті операциялар қолжетімді бола түсті

Микрохирургияны роботтандырудың арқасында қазақстандықтарға жоғары дәлдіктегі және аз инвазивті операциялар қолжетімді болып отыр, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

Астана қаласындағы Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығы микрохирургиялық жүйелерден бастап роботты кешендерге дейінгі медициналық құралдар кешенін енгізе отырып, медициналық көмек көрсетудің жаңа деңгейіне шықты.

Жаңа жабдық операцияларды жоғары дәлдікпен және аз инвазивтілікпен жүргізуге, пациенттерді оңалту уақытын қысқартуға және асқыну қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Орталықты жаңғырту «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауының арқасында мүмкін болды, ол жабдықтарды сатып алуға шамамен 400 млн теңге бөлді. Негізгі жаңалықтардың бірі Қазақстанда алғаш рет қолданылатын Mast Quadrant хирургиялық ретракторы болды. Бұл омыртқаға жоғары дәлдікпен операция жасауға мүмкіндік береді, жұмсақ тіндердің жарақаттарын азайтады және пациенттердің тез қалпына келуін қамтамасыз етеді.

«Самұрық-Қазына» сияқты әріптестердің қолдауының арқасында Қазақстан медицинада жаңа технологияларды белсенді енгізуді жалғастырып, оларды тек елордалық қана емес, өңірлік медициналық орталықтар үшін де қолжетімді етеді», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.

Бұл жүйелерді енгізу – технологиялық серпіліс қана емес, мыңдаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жасалған қадам.

«Бұл – ұлт денсаулығына салынған инвестиция. Жаңа жабдық, әсіресе тірек-қимыл аппараты аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмектің деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қордың басшысы Нұрлан Жақыпов.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Қор сонымен қатар, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен ел өңірлеріндегі оңалту орталықтарының желісі сияқты медициналық мекемелерді жаңғыртуды қолдайтынын айта кеткен жөн.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button