Денсаулық

Жоғары технологиялы қызмет көрсетеді

Медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған әр азамат төленген жарна мөлшеріне қарамастан МӘМС арқылы медициналық қызметтердің барлық пакеті бойынша, оның ішінде құны қымбат тұратын жоғары технологиялық медициналық қызметтерді  де тегін алады.

[smartslider3 slider=224]

– Аталған 10-нан аса жоғары технологиялық медициналық қызметтерге – бас және мойын артерияларының эндартериоэктомиясы, бас және мойын қан-тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы, жамбас-тізе буындарын ревизия жасау арқылы алмастыру, терінің аллотрансплантациясы, экстра және интракраниальды қантамырларды шунттау жатады, – деп  түсіндірді аталған аурухана директорының медициналық қызмет сапасын бақылау және инновация жөніндегі орынбасары Бақытжан Абдуллаев.
Мысал ретінде 19 жастағы Ә. есімді азаматтың сырқат тарихын айта кетуге болады. Ол мұрнынан қан ағып, тоқтамауына байланысты аурухананың шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесіне өздігінен шағымданып келген. Дәрігерлердің қарауынан, лабораториялық және диагностикалық тексерулерден кейін аурухананың оториноларингология бөлімшесіне шұғыл түрде жатқызылады. Науқас соңғы 6 айда мұрын-жұтқыншағында бөтен зат тұрғандай сезімнің пайда болғанын айтады. Ауруханаға келгенге дейін ешқандай медициналық көмекке жүгінбеген. Науқасқа мұрын-жұтқыншағының қатерсіз ісігі диагнозы қойылады. Арнайы дайындықтан кейін оған бас және мойын қан-тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы отасы тегін жасалды, МӘМС аясында жасалған құны 4,7 млн теңге тұратын ота ақысын медициналық сақтандыру қоры төледі. «Маған көрсетілген медициналық көмекке дән ризамын. Ота өте сәтті өтті. Бөлімшенің дәрігерлеріне, медбикелері мен тазалықшыларына, әрине, бөлімше меңгерушісіне алғысымды білдіре отырып, олардың жұмыстарына сәттілік тілеймін!» дейді 8 күннен кейін толық емделіп, жазылып үйіне шыққан пациент.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button