Елорда тынысы

Жол ақысын төлеудің жаңа жүйесі

Бас қаладағы «City Transportation Systems» ЖШС-те қалалық мәслихат депутаттарына қоғамдық көлікте жол ақысын электронды төлеудің жаңа жүйесі таныстырылды

[smartslider3 slider=2807]

Қазіргі кезде қызмет көрсетушілер арасында бірнеше компания бар – «Innoforce solutions» (Avtobys) ЖШС, «SMSBUS» ЖШС, «БПЦ Қазақстан» және «Технодата» ЖШС консор­циумы. Сонымен қатар депутаттарға өз жүйесін қарастыру үшін «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС «Оңай» жүйесін ұсынды. Әр компания өздері ұсынып отырған жол ақысын төлеу жүйесінің артықшылығымен таныстырды. Осы орайда VISA және Mastercard банк карталарымен, NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы, Bluetooth және басқа да төлем жүйесі қамтылған. Жолақы төлеудің жаңа жүйесі көлік карталарын толтырудың онлайн режиміне көшуді де қамтиды. Жолаушылар жол ақысын екі жолмен төлей алады – бұл көлік картасымен және QR-кодты сканерлеу арқылы. Ол үшін әртүрлі қосымшалар бар (Transcard, Kaspi.kz, Homebank, ұялы байланыс операторларының қосымшалары және тағы басқа). Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен жылдың 18 қазанынан бастап елордада бірнеше қоғамдық көлік бағдарында қанатқақты режимде үш кәсіпорынның жол ақысын төлеу­дің жаңа жүйесі тестілеуден өтіп жатыр. Әрбір жүйе егжей-тегжейлі қарастырылып, олардың ең тиімдісі, сондай-ақ жолаушылар үшін қолайлысы анықталады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button