Жаңалықтар

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БАЛА ДА БІЛУІ ТИІС

f4841754144f4884fa8d26bcb13

Оқу жылының аяқталуына байланысты республикалық «Назар аудар, жаяу жүргінші!» іс-шарасы аясында Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полициясы қызметкерлері елордалық оқушылардың жол жүру ережелеріне байланыс­ты жыл бойғы алған білімдерін тексеру үшін қосымша сабақтар өткізді. 

Қалалық әкімшілік поли­циясының аға инспекторы Лариса Красникованың айтуынша, балалардың жол үстіндегі қауіпсіздігі қазіргі кезде өзектті мәселелердің біріне айналып отыр. Жыл басынан бері елордада балалардың қатысуымен 30 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, 11 рет балалар жолды белгіленбеген жерлерден жүгіріп өтіп, апатты жағдайға тап болған.
Оқу жылы соңында қаланың барлық жалпы білім беру мекемелерінде полиция қыз­меткерлері қауіпсіздік ережелері бойынша дәрістер оқып, оқу­шылармен профилактикалық сұхбаттар жүргізді.
Осындай танымдық сабақтардың бірі Астана қаласының №3 орта мектебінде өтті. Полиция қыз­меткерлері оқушыларға жол жүру ережелері мен оны сақ­тамаудың салдары қандай болатынын тағы да еске сала отырып, түрлі викториналық ойындар ұйымдастырды. Сабақ аяқталуымен балаларға қажетті ақпараттары бар буклеттер мен жарыққа шағы­лысатын белдіктер табысталды.
«Апаттардан аулақ болу үшін балаларға жол жүру ережелерін әрдайым мектепте де, үйде де, тіпті, күнделікті серуендеу кезінде де еске салып тұрған жөн» деп кеңес береді Л. Красникова.

Еркежан ЖҰМАЖАН,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
журналистика факультетінің
І курс студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button