#Жаңа Қазақстан

Жол сапасына мән береді

Amanat партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қостанай облысының Тобыл қаласында ауыр жүк көлік жүргізушілерімен кездесті.

Кәсіпорын жұмысшылары алдында сайлаушылар партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, азаматтардың өтініш-тілегіне құлақ асты. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, мұнда ең алдымен, ауданаралық автожолдардың жай-күйі мәз емес.

«Әр аймақта жолға қатысты мәселе бар. Amanat партиясы алдағы 5 жылда жол құрылысы мен жөндеу жұмысына айрықша мән береді. Мәселен, партия 2 мың шақырымнан астам облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды, сондай-ақ елді мекендердің көшелерін жөндеуге атсалысады» деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Альберт Рау.

Оның сөзінше, бұл шаралар 2027 жылға қарай жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 85%-дан 99%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ үміткерлер «Тобыл Арена» спорт кешенінің ұжымымен жүздесті. Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды таныстырды. Өңірде салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын азаматтар саны 41,9%-ды құрайды. Кездесуде сайлаушылар спортқа ерекше қолдау қажет екенін атап өтті.

Amanat партиясының бағдарламасында ауылдық жерлерде 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, 13 спорт нысанын салу, 2 спорт нысанын, оның ішінде 1 стадион мен 1 спорт залын қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізу жоспары бар. Сондай-ақ спорт секцияларын, балалар мен жасөспірімдерге, жастарға арналған дене шынықтыру клубтарын ашуға назар аударылады» деді партияның облыстық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Серік Шыңғысұлы.

Кандидаттар сайлаушылардың ұсыныс-тілегіне мән беріп, алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button