Қала мен Сала

Жол үшін жауапқа тартылады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Binom мектеп-лицейі­не жол салуы тиіс мердігерді сотқа бермекші.

[smartslider3 slider=3739]

«Бүгінгі таңда бас мердігерге қатысты талап-арыз жұмысын бастау үшін құжаттамалар жиналуда» деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Осының алдында «Ашық диалог» порталына қала тұрғыны Анара Шайкенова арызданып, Бұқар жырау бойындағы мектепке баратын жол салынбағанын айтып еді.

«Балалар мектепке қалай жаяу барады? Көктем мен күзде жер лайланып, мектепке жаяу жету мүмкін емес. Көлікпен бару үшін Ұлы даланы айналып үлкен шеңбер жасау керек. Сол себептен мектепке дейінгі Бұқар жырау көшесі мен ­Мәңгілік ел жолын ашып беруді өтінеміз» деген еді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button