Елорда тынысы

Жол жабылды

25 маусымнан бастап Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі аралықтағы жол жабылады. Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфра­құрылымын дамыту басқармасы Достық көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы басталғанын хабарлады.

[smartslider3 slider=3337]

 

«Осы жылдың 25 маусым-5 шілде аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады» делінген ведомство хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз» деп толықтырды құзырлы басқармадағылар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button