Басты ақпаратЖаңалықтар

Жол жөндеуде іркіліс жоқ

Елордада алдын ала жүргізілген сараптаулар, талдаулар нәтижесінде биыл 25 ша­қырымнан астам жол құрылысын жүргізу қолға алынды. Мұның ішіне жаңадан салынатын, жөнделетін, қалпына келтірілетін жолдар да бар. Астана қаласы әкімінің тікелей нұсқауымен қардың ерте еруіне байланысты бұзылған жол бөліктері тегістеліп жатыр. Осы жұмысқа қажетінше мамандар мен техникалар жұмылдырылып отыр. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жүйелі кесте әзірленген. 

ERM_6292

Астанада сәуір айының аяғында Арай мен Ғарышкерлер көшесінде жол қозғалысы тоқтатылып, жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Астана қаласы Автокөлік жолдары басқармасының басшысы Сымбат Мырзағұловтың айтуынша, 4-20 мамыр аралығында Қордай көшесінің Р.Қошқарбаевтан Ахметбеков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл аумақта жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал 24-сәуірден 15-мамырға дейін Абылай хан даңғылының Ғ.Мұстафиннен Ғ.Мүсірепов көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы жартылай шектелген. Осы жолдарда қазіргі уақытта жолдың беткі қабаттарын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Бір айта кетер жай, кейбір жолдардағы қалпына келтіру, орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен қосымша қаржы қаралмайды. Ондай жұмыстарды мердігер компаниялар өздерінің кепілді міндеттемелері бойынша орындауға кіріскен. Жол жөндеу жұмыстарынның негізгі бөлігін маусымға дейін аяқтау көзделіп отыр.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button