Жаңалықтар

Жолақтағы жылдамдық шектеледі

Елорда жолдарындағы апатты азайту үшін қоғамдық көліктердің қозғалысына арналған Bus Lane кейбір жолдарында жылдамдық сағатына 40 шақырымға дейін шектеледі. Бұл туралы elorda.info сайты қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қала көшелерінде қоғамдық көліктердің қозғалысына арналып белгіленген жолақтарда автобустар мен жеңіл көліктердің қатысуы­мен тиесілі жолға бұрылу мақсатында жасалған маневр салдарынан болатын апат жиілеп кетті. Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен апатты азайту үшін қоғамдық көлік қозғалысына арналған жолдарда жылдамдық сағатына 40 шақырымға дейін шектетілетін бірнеше аумақ белгіленді» делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осыған орай, жол қозғалысының барлық қатысушыларына аса мұқият болу қажет. Қоғамдық көлік қозғалысына арналған жолдардың төбесінде 3.24 (максималды жылдамдықты шектеу) және 7.14 (қозғалыс жолағы) кешенді жол белгілері пайда болады. Алғашқы мұндай белгі Тұран даңғылына орнатылды.
Астана қаласының ІІД атап өткендей, қазіргі уақытта жолдағы жүктеменің қабіле­тін жақсарту үшін қозғалыс жылдамдығын күшейту мүм­кіндігі бар жолдардың қа­шықтығы зерттеліп жатыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button