ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Жолақы – банк картасымен

[smartslider3 slider=307]

«CTS» компаниясының мәліметінше, қанатқақты режимде іске қосылатын төлем түрі 31 қазанға дейін жалғасады.
Елордалықтар мен қала қонақтары VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ «NFC» жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы әзірге №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, сондай-ақ қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 бағдарларда төлем жасай алады. Транзакция үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу жеткілікті.
Автобустар арнайы сәйкестендіру жапсырмаларымен ерекшеленеді. Банк картасымен төлеу кезіндегі жол жүру құны өзгеріссіз қалады. Қанатқақты жоба банк картасымен жол ақысын төлеу валидаторларын сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Кейін бұл қызмет барлық автобустарда қолданылатын болады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button