ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Жолақыны банк картасымен төлейді

«City Transportation Systems» ЖШС-те Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде жолақыны төлеудің жаңартылған электронды жүйесі таныстырылды.

[smartslider3 slider=871]

Қанатқақты жоба аясында жолаушылар Visa және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасай алады. Транзакцияны жүргізу үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға қосу жеткілікті. Жаңартылған жүйе көлік карталарын толықтырудың онлайн режиміне көшуді қамтиды. Сондай-ақ банк карталарымен төлеу қолжетімді болады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазаннан бастап елордада бірнеше қоғамдық көлік бағытында қанатқақты режимде үш жеткізушіден кез келген екінші деңгейдегі банктің картасымен жол жүру төлемі тестіленуде.

Жүйені тестілеу №61 қалалық бағыттағы үш ­автобуста, сондай-ақ қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 бағдарларда жүргізіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button