Құқық

“Жолда ойын ойнама!”

Ішкі істер министрлігі “Жолда ойын ойнама!” деген тақырыппен түсірілген арнайы ролик жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның негізгі міндеттерінің бірі. Ішкі істер министрлігі жолдағы балалар өлімін азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларында 126 бала қаза тауып, үш мыңнан астам кәмелетке толмаған түрлі жарақат алды. “Жолда ойын ойнама” – мұндай бейнероликтер жол жүрісі қағидаларын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады.

Қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында полиция келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

Балаларыңызға жол жүрісі қағидаларын үйретіп, олардың сақталуын қадағалаңыз;

Балаларды жолда, әсіресе көлік жүретін жерлерде қараусыз қалдырмаңыз;

Кішкентай балаларды тасымалдау үшін арнайы автокреслоларды пайдаланыңыз;

Балаларға жол апаты немесе төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін түсіндіріңіз;

Қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытпаңыз;

Телефонға телмірмеңіз. Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану апат қаупін едәуір арттырады;

Белгіленген жылдамдықты асырмаңыз;

Жолда тәртіп пен заңды сақтаңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button