Елорда тынысы

Қарсы жолаққа шығып кетіп, куәлігінен айырылды

Астанада сот қарсы жолға шығып кеткен азаматтың ісін қарады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана соттарының ресми Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Б. Мәңгілік Ел даңғылының бойымен көлік жүргізіп келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жол жиегіне шығып кеткен.

Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындады.

Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары бейнежазбамен, полиция инспекторының баянатымен, кінәлінің жазбаша түсініктемелерімен расталады. ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігінің санкциясы 6 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды көздейді.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button