Құқық

ЖОЛДА ЖАСЫРЫН АВТОПАТРУЛЬ!

Астанада не көп, көлік көп. Жол инспекторлары жол жүру ережелерін елей бермейтін жүгенсіз жүргізушілерді тәртіпке шақыру үшін небір шараларды жасап-ақ жатыр. Енді Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастамасымен заң бұзушылықты жасырын бақылайтын автопатрульдер жолға шықты.

patrul-1

Жергілікті полиция қызметінің инс­пекторы Ләззат Бисембаеваның айтуынша, арнайы автопатрульдердің көліктері видеотіркеумен, радармен, бейнебақылау камерасымен жаб­дық­талған. Олардың мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылықты жасырын бақылау. Егер әлдекімнің көлік терезесінен темекі тұқылын лақтырғанын көрсе немесе жол жүру ережесін бұз­ғанын байқаса, автосақшылар бірден тоқта­тып, заңды бұзу оқиғасы фото/бейне түрінде тіркеледі, одан әрі экипаж тиісті шара қабылдау үшін жақын маңдағы патрульдік-бекеттік жасаққа немесе кезекшіге хабарлайды.
Автопатрульдерді былайғы жұрт бай­қай бермеуі мүмкін. Өйткені олар поли­цияның арнайы көлігін мінбеген, борттық нөмірі де, қызыл-сары дабыл­қағары да жоқ. Олардың полиция екенін көк түсті нөмірінен ғана біле аласыз. Арнайы сақшылар, әсіресе, автобустарға арналған «BUS LANЕ» жолағын ерекше бақылауға алынбақ.
Бізге келіп түскен ақпарат бойынша, осы жылдың 28 қазанынан 2 қараша­сына дейінгі кезеңде жолда жүру ереже­лерін бұзудың 170 дерегі тіркелген, соның ішінде 100-ден аса жүргізуші қоғамдық көлікке арналған жолақта жүргені үшін жауапкершілікке тартылған.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button