Қала мен Сала

Жолдар салынып, көшелер жарықтандырылады

Алматы ауданында жол құрылысы мен жөндеу, көгалдандыру, жарықтандыру жұмысы белсенді жүріп жатыр.

[smartslider3 slider=3220]

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Оңтүстік-Шығыс» шағын ауданының сол жағындағы Ақарыс, Еділ, Жайық, Ертіс және Қозыбасы көшелерінде күрделі жол салу жұмысын бастады. Оң жағында Кертолғау, Қоңыраулы, А-104 көшелерінде, сондай-ақ Өзбекәлі Жәнібек көшесінде Рақымжан Қошқарбаев даңғылынан Мұстафа Шоқай көшесіне дейін орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Осы аптада Жанкент және Майдақоңыр көшелерінде жол салу жұмысын бастау жоспарланған. Қазіргі кезде Обаған көшесінде Арғанаты мен Балқантау көшелерінің арасында инженерлік желілер тарту жұмысы жүргізілуде.

Алматы ауданының жасыл желегін көгалдандыру және күту жұмысын «Астана-Көгал­дандыру құрылысы» ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асырады. Бұған 140-тан астам жұмысшы мен 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Коммуналдық қызметтер ағаштарды сылу, кесу және тәжін қалыптастыру, ­суару, шұңқырларды отау, гүл отыр­ғызу және т. б. жұмысты орындайды.

Жыл басынан бері аудан аумағында 3076 ағаш, 4770 м2 алаңға гүл отырғызылды. Көшелердегі жасыл желектерді суаруға күн сайын 11 техника шығады. Сондай-ақ жергілікті суару жүйесі іске қосылған.

Осы жылы 6 қоғамдық кеңістікте және аудан даңғылдарында: «Жерұйық-2» саябағында, Б.Момышұлы даңғылында, Б.Момышұлы ескерткіші ауданында, ­М.Жұмабаев даңғылында Айнакөл көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейін, Р.Қошқарбаев даңғылы мен Қордай көшесінің қиылысында, «Встреча» сауда үйі ауданында қосымша жергілікті-суару жүйесін тарту көзделген.

Тұрғындардың өтініші мен әзірленген іс-шара жоспарына сәйкес, биыл ауданның тұрғын алаптары мен көшелеріндегі 4000-нан астам, соның ішінде аула аумақтарындағы 1500-ден астам шамды ауыстыру жоспарланған.

Бүгінде «Железнодорожный», «Энергетиктер», «Промышленный», «Интернациональный», «Мичурино», «Күйгенжар» тұрғын алап­тарында, сондай-ақ «Оңтүстік-Шығыс» (оң жағы) шағын ауданында жарықдиодты шамдарға ауыстыру бойынша жұмыс аяқталды. Сондай-ақ 162 аулада 1000-нан астам жарықдиодты шам ауыстырылды.

«Достық» шағын ауданы тұрғындарының №165 көшеде (Гольф клубқа баратын жол) жарықтандырудың болмауына қатысты өтініші бойынша осы жылы «Халықтық қатысу бюджеті» шеңберінде 68 жарықтандыру тірегін орнату жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар «Оңтүстік-Шығыс» шағын ауданында, «Тельман» тұрғын алабында және орталық көшелерде жалғасатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button