Елорда тынысы

Жолдар жөнделіп жатыр

Елордада барлық қоғамдық кеңістіктерге, саябақтарға және басқа да орындарға тексеру жүргізіледі. Қолайлы ауа райының басталуымен жұмысшылар тротуарларды, жолдарды, плиткаларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті; вандализм салдарынан пайда болған ақаулар (сынған шамдар, орындықтар, плиткалар, жарықтандыру тіректері, кіші архитектуралық формалар және т. б.) жо­йылады, ақаулы актілер мен сметалар жасалады.

[smartslider3 slider=2893]

Абаттандыру элементтерінің мерзімінен бұрын бұзылуына әкеп соққан сапасыз орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының фактілері бойынша мердігерлер зақымдануларды жояды. Айта кету керек, жылдан-жылға сапалы материалдар қолданылуда, қоғамдық кеңістіктер мен абаттандыру аймақтарын жобалау тәсілдері жетілдіріліп жатыр.

«Көктемнің басынан бастап жұмысшылар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Егер жұмыс сапасыз орындалса, мердігерлер өз кемшіліктерін міндетті түрде өз есебінен жояды. Егер мұндай фактілер бір мердігермен қайталанса, онда ол кейіннен «қара тізімге» енгізіліп, енді конкурстарға қатыса алмайды. Өкінішке қарай, кейбір адамдар ортақ мүлікті өздері бұзатын вандализм фактілері де бар. Біз бәрімізге ортақ мүлікке мұ­қият болуымыз керек, өйткені барлық қоғамдық кеңістіктер, ең алдымен, қала тұрғындарының таза ауада уақыт өткізе алуы үшін жасалады. Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерде камераларды қайта орнатуды жалғастырамыз, бұл адамдарды тәртіпке келтіруге де, бұзушылықтарды тіркеуге де мүмкіндік береді» деді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Елорданың барлық аудандары жолдарды, тротуарларды, плиткаларды, бордюрлерді және т. б. жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Соңғы жылдары 300 жол жөнделді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button