Басты ақпарат

Жолдарды жөндеуде алалау жоқ

Елорда жолдарының құрылысында негізгі екпін қаланың шеткі аймақтарының жөнделуіне берілген. ­Бюджеттен бөлінген қаржының жартысынан көбі осы жұмысқа және шаһардың күретамыр, қоғамдық көлік көп жүретін, халық көп тұратын аумақтардағы жолдардың жөнделуіне бөлінді. Бұл туралы кеше қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.

[smartslider3 slider=3749]

– Жақында жаңа көпірді аштық. Ол халықтың игілігіне жұмыс істеп тұр. Қазір Мәңгілік ел даңғылында жол жөнделіп жатыр. Бізде бәрі сол жағалауда жасалып жатыр деген стереотип бар. Бұл дұрыс емес, «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабында, «Көкталда», «Агроқалашықта», «Интернациональныйда», «Үркерде», барлық жерде жолдарды жасап жатырмыз. Жыл сайын жоспарға сәйкес қаланың басқа да шеткі аудандарында, елді мекендерде жолдарды жөндейміз. Жеңіс, Бөгенбай батыр даңғылдарында, Бейбітшілік көшесінде, Қарасай батырда, басқа да көшелерде жөндеу жүргіздік. Қаланың барлық ауданына тең, бірдей қараймыз. Биыл қыркүйекке дейін негізгі күретамыр жолдардың бәрін жөндеп, балалар мектепке барғанша кептелісті азайту үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деді Алтай Көлгінов.

Қала көшелерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқарма­сының биылғы жоспарына сәйкес, 68 шақырымға созылатын 131 көшені жөндеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Оның ішінде ұзындығы 38,6 шақырымды құрайтын 53 учаскеде көшелерді орташа жөндеу жұмысы аяқталды. Биыл бес жол нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Орталық көшелерді жөндеумен қатар тұрғын үй алаптарындағы жолдарды асфальттау жұмысы қатар атқарылуда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button