Жаңалықтар

Жолды кескен жолығар кесапатқа

Жол полициясы басқармасының статистикалық мәліметтеріне сәйкес бүгінгі таңда жалпы құны 103 миллион теңгені құрайтын 12 мың жаяу жүргіншінің заң бұзушылығы тіркелді. Жаяу жүргіншілер көбіне көлік жолдарын кес-кестеп, бағдаршамның қызыл шамына жүреді. Күн сайын жол инс-пекторлары заң бұзушылыққа жол берген 30-50 жаяу жүргіншіні анықтайды. Үстіміздегі жылдың 6 айында жаяу жүргіншілердің кінәсінен 74 көлік апаты орын алды, 7 адам қаза тауып, 70 адам зардап шекті. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған ЖКО-ның үлес салмағы жалпы көлемнің 60 пайы-зын құрайды. Астанада апаттарды азайту және оның алдын алу мақсатында әр аптаның жұма күндері «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі» күні өткізіледі.

Ережені бұзған жағдайда жаяу жүргіншілерге айыппұл салынады немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button