Мәдениет

Жолыққан жандар

Елордада белгілі журналист-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сенатор Нұртөре Жүсіптің «Жолыққан жандар» атты кітабының тұсаукесері өтті.

[smartslider3 slider=1581]

Шараға Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов, мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов, Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай және тағы басқа тұлғалар қатысты. Жинақ Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының, қордың атқарушы директоры Серік Әкірамұлының қолдауымен жарыққа шыққан. Кітапта Тәуелсіздіктің 30 жылында журналистік жолда жолыққан бірқатар тұлғалар туралы сыр шертілген. Сонымен қатар жинаққа қаламгердің ағалары, замандастары, әріптестері мен сыйлас азаматтар жөнінде жазған толғамдары енген.

«Жинақтағы кейіпкерлер – түгелдей автордың көрген-білген, өмірде араласқан, кейде тіпті дос-жаран болған адамдары. Сондықтан автор не жазса да сендіре жазады, бұрын көп ешкім айтпаған, байқамаған оқиғалар мен деректерді ойнатып отырады» дейді кітаптың алғысөзін жазған қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед.

«Бұл кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тартуым. Жинақта 30-ға тарта азаматтардың адамдық болмысын ашып көрсетуге бағытталған эсселер топтастырылған. Ел тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың портретін сомдауға жасаған бір талпыныс еді» дейді публицист, сенатор Нұртөре Жүсіп.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button