Жаңалықтар

Жөнсiз тексеруге жол берiлмейдi


Қаржы полициясы агенттiгiнiң төрағасы Рашид Түсiпбеков кәсiпкерлiктi заңсыз араласудан тиiстi қорғауды қамтамасыз ету және қаржы полициясы органдары тарапынан негiзсiз тексерiс жүргiзу фактiлерiн жоюға бағытталған нұсқауға қол қойды.
Елбасының кәсiпкерлiктi заңсыз араласудан тиiстi қорғауды қамтамасыз ету, негiзсiз тексерiс жүргiзу фактiлерiн жою бойынша тапсырмасына сәйкес қаржы полициясы органдарының шағын және орта бизнес субъектiлерiн тексерудiң ережелерi белгiлендi.
Қаржы полициясы қызметкерлерi тарапынан шағын және орта бизнес субъектiлерiн тексерудiң аталған ережелерiн бұзу жағдайлары орын алса, кәсiпкерлер қаржы полициясы органдарының «144» сенiм телефонына немесе Агенттiктiң Iшкi қауiпсiздiк басқармасының 8 (7172) 90-90-34 теле-фонына хабарласа алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button