Жаңалықтар

Жоспарға сай дамиды

Аумақтарды аралау барысында Е.Бекмырзаев 10 мыңнан астам адам тұратын «Железнодорожный» тұрғын алабы тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер мен тұрғын алапты дамыту жоспарларын талқылады.
Тұрғындар жарықтандыру, абаттандыру, газдандыру сияқты түрлі мәселелерді көтерді. Барлық сұрақтар кездесу хаттамасына енгізілді. Аудан басшысы әлеуметтік-экономикалық дамуға белсене қатысып жатқан тұрғындарға алғыс айтты.

Жалпы «Железнодорожный» тұрғын алабында 12 көппәтерлі тұрғын үй, 654 жер үй, 4 білім беру нысаны (№29 мектеп, техникалық колледж, 2 балабақша), 3 денсаулық сақтау нысаны (№11 емхананың филиалы, Ковид орталық, тубдиспансер) бар.
Тұрғын алапта жалпы ұзындығы 16 шақырымды құрайтын 19 көшенің 8-інде асфальт жоқ. Биыл екі көше асфальтталды. Сондай-ақ әл-Фараби көшесінен Ж.Жабаев көшесіне дейінгі аралықты кеңейту жүргізіліп жатыр. Керегетас көшесінде 21 жарықтандыру бағаны, 21 аспашам, Ақжар көшесінде қосымша 2 аспашам орнатылды.
«Железнодорожныйды» газдандыру жобасы толығымен 2020 жылы аяқталды. 654 абоненттің 254-іне техникалық шарттар беріліп, 84 абонент газға қосылды. Бұл тұрғын алапта қоғамдық көліктің қатынауы мен жолдар құрылысы бойынша проблемалар бар. Екібастұз көшесінде жол нашар болғандықтан, №15 бағдар аталған көшеге бармайды. Ол үшін бұл көшені жөндеу керек. Ақтасты, Ақжар, Ашысай, Иманақ, Орбұлақ, Екібастұз, Шалқар, Н.Төреқұлұлы көшелерін абаттандырудың кешенді жобасына қосу қажет.
Аталмыш елді мекендегі электрмен жабдықтау желілерінің 80 пайызы тозды. Жағдайды түзеу үшін «Қазбек» қосалқы стансасы құрылысын тездетіп, жаңа желілерді «Астана-РЭК» АҚ балансына беру керек. Бұған қоса, екі тарату желісі мен трансформатор желісін салу керек. Бұл жобаның құны – 4 млрд теңге.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button