Елорда тынысы

Жүйелі жұмыстар жалғасады

Елордада көлік кешенін жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бүгінде елорда әкімдігі көлік кешенін жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл, ең алдымен, 100% мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорын арқылы Ақылы автотұрақ кеңістігінің одан әрі жұмыс істеуін жеке инвестицияларды тартпай қамтамасыз етуді көздейді. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап «Астана автотұрақ кеңістігі» ЖШС-мен мемлекеттік-жекеменшік әріптес­тік (МЖӘ) келісімшартын бұзу мәселесі қарастырылуда, бұл ретте ақылы тұрақтардың үздіксіз жұмыс істеуі бас­ты назарда» деп жазды ­Табиғат ­Зейнұлқабден.

Мәслихат төрағасы қаладағы тұрақ алаңдары туралы да айтты.

«Бүгін әріптестерімізбен бірге бірнеше тұрақ алаңдарын аралап, олардың басқару және күтіп ұстау тиімділігін арттыру қажеттігін атап өттік. Себебі қала тұрғындарынан тұрақтарға қатысты қызмет сапасының төмендігі жөнінде көптеген шағымдар мен өтініштер түсуде. Қазіргі таңда Астанада 10 000 тұрақ орны ұйымдастырылған, олардың саны да, тарифтері де өзгермейді.

Сонымен қатар, LRT құрылыс барысын тексердік. Қазіргі таңда ұзындығы 22,4 км болатын желінің 18 станциясы қарастырылған. Құрылыстың эстакадалық бөлігі толық аяқталды, станциялардың негізгі темірбетон конструкциялары салынды, сондай-ақ №101 (Әуежай) станциясының қасбеттік бөлігінің бір бөлігі дайын. Жолдың жоғарғы құрылым элементтерін төсеу жұмыстары басталды, ал темірбетон шпалдар зауытта дайындалуда» деді мәслихат төрағасы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button