Басты ақпаратЖаңа Қазақстан

Жүзден жүйріктер анықталды

8-13 қыркүйекте Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер
ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Аталған іс-шараның бас демеушісі – Alageum electric, бас серіктесі – Halyk bank. Онда барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Осыған орай бірнеше бағыт бойынша жарысқа қатысатын ұлттық құрама анықталды.

Жамбы ату

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын мергендеріміз «мажар», «азия», «түркі», «жамбы» стильдері бойынша бақ сынайды. Енді жамбы атудан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасына тоқталсақ.

  1. Ералхан Айкөз 1998 жылы 5 маусымда Түркістан облысы Төле би ауданы Майбұлақ ауылында дүниеге келген. 2021 жылы Тегерандағы XVI әлем чемпионатының жеңімпазы және күміс жүлдегері.
  2. Батыр Бексауыт – 2001 жылдың 8 тамызында Түркістан облысы Төле би ауданы Майбұлақ ауылында дүниеге келген. 2021 жылы жастар арасындағы ҚР чемпионатында І орын, Шымкентте өткен Азия чемпионатының алтын және қола жүлдегері, Қытайда өткен әлем чемпионатының алтын және қола жүлдегері. Айта кетейік, әлем чемпионы Батыр Бексауыт көшпенділер ойындарына тікелей жолдама алған.
  3. Айтбек Сарыбай 1998 жылы 30 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Майбұлақ ауылында дүниеге келген. 2019 жылы Оңтүстік Кореяда өткен XV әлем чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері, Қытайда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
  4. Абзал Тұлыбеков 1996 жылы 31 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. 2018 жылы жамбы атудан әлем чемпионатының жеңімпазы.

Қазіргі уақытта аталған спортшыларымыз алдағы жарысқа қызу дайындалып, оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Ал жамбы атудан ұлттық құ­раманың бас бапкері – Елдос Бадашев.

Теңге ілу

Теңге ілуден V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар «қос құлаш», «бес белес», «жеті құт» стильдері бойынша бақ сынады. Оған қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы келесідей:

  1. Рахат Қамбаров 2001 жылы Түркістан облысында туған. 2022 жылы Теңге ілу федерациясының бас жүлдесін, 2023 жылы өткен VI ҚР ұлттық спорт фестивалінің бас жүлдесін, 2024 жылы Азия кубогын иеленіп, 2024 жылы өткен Азия чемпионатында алтын жүлдегер атанды.
  2. Бақыт Төлтай 1998 жылдың 12 тамызында Шымкент қаласы Арыс ауданы Монтайтас ауылында дүниеге келген. 2021 жылы ересектер арасын­дағы ҚР чемпионатының қола жүлдегері, 2023 жылы ересектер арасындағы ҚР чем­пионатында алтын және күміс медалінің иегері, 2024 жылы Азия чемпионаты алтын медалінің иегері.
  3. Бекнұр Серіков – Батыс Қазақстан облысының тумасы. 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында І орын, 2020 жылы жастар арасындағы ҚР чемпионатын­да І орын, 2023 жылы І Азия кубогінің І орын иегері.

Күрес

Қазақ күресінен V Дүние­жүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы бойынша ерлер арасында 55 кг салмақта Бекжан Төлепов, 60 кг салмақта Мейіржан Берекетов, 66 кг салмақта Дидар Тұқышев, 74 кг салмақта Жұмажан Қожамбеков, 82 кг салмақта Ерсін Сейітқазынов, 90 кг салмақта Ерасыл Жанатаев, 100 кг салмақта Ерсұлтан Мұзаппаров, +100 кг салмақта Нұрдәулет Жарылғапов боз кілемде бақ сынайды. Ал әйелдер арасында 48 кг салмақ дәрежесінде Айжан Жылқыбаева, 52 кг салмақта Назерке Азаматова, 56 кг салмақта Рауза Нұрмахамметова, 60 кг салмақта Бақыт Құсақбаева, 65 кг салмақта Зарина Сарипова, 70 кг салмақта Роза Нысантайқызы, 77 кг салмақта Зәмзәгүл Файзолланова, 77 кг жоғары салмақта Альбина Бахиева жолдама алды.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button