Жаңалықтар

Жүгенсіздерді жөнге салды

Қоғамдық орындарда, көшелерде тәртіпті қадағалау мақсатында ұйымдастырылған жедел алдын алу шарасында Жергілікті полиция қызметі  2300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. 

679367f71d584278832c2dcc323c5601884fd

Қала күні қарсаңында өткен кезекті рейдте екі күн ішінде 330 адамның ішімдік ішкені белгілі болды. Абаттандыру ережесін 240 адам бұзса, ұсақ бұзақылық бойынша 160 дерек тіркелген. Ата-анасының рұқсатынсыз көше кезіп жүрген 62 жасөспірім жауапқа тартылыпты.
Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззат Бисембаеваның айтуынша, жол қозғалысын бақылайтын полицейлер 197 – жылдамдықты асыру, 254 – қауіпсіздік белдігін тақпау, 110-ұялы телефонмен сөйлесу және 11 адамның ішіп алып автокөлік жүргізгенін анықтаған.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button