Басты ақпарат

Жүйріктер аламанда айқындалады

Елордада ат жарысының жазғы маусымы ашылды. Дәстүрлі іс-шара қала маңында орналасқан «Қазанат» атшабарында бәйгенің төрт түрінен және жамбы ату мен теңге ілу жарысымен басталды. Айтулы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 150-ден аса спортшы мен 60-қа жуық жылқы қатысты. Ат жарысының көркін 18 шақырымдық аламан бәйге қыздырды. Бас жүлде Нұр-Сұлтан қаласының «Алғыр» атты қаракеріне бұйырды.

[smartslider3 slider=3175]

Екінші орынды Ақтау қаласынан келген бес жасар «Қанаты­қара» қара айғыр еншіледі. Үшінші орынға Шығыс Қазақстан облысынан келген таза қанды бес жасар «Ақмаңдай» торы табан тіреді.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін үш шақырымдық тай жарысы, артынша жеті шақырымда құнан бәйге өтті. Үздік шабандоз­дар мен ең жүйрік ат иелеріне Нұр-Сұлтан қаласының ұлттық спорт түрлері қауымдастығының демеушілігі есебінен ақшалай және бағалы сыйлықтар, сондай-ақ медальдар табысталды. Айта кетейік, жамбы ату мен теңге ілуден ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 19 маусымға дейін жалғасады.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button