Sport

ЖУКОВ ЖАЗАЛАНДЫ

Р

«Астана» командасының және Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуков премьер-лиганың алдағы болатын үш ойынынан шеттетілді.

 Қазақстан футбол федерациясының бақылау комитеті астаналық футболшыны ұлттық құра­маның жаттығуына белгіленген уақыттан кешігіп келгені үшін осындай айыппен жазалады.

Жуков енді  премьер-лиганың алдағы уақытта өтетін алтыншы, жетінші және сегізінші тур ойындарына қатыспайды.

Жиырма  жастағы ойыншы ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын Ресеймен болған жолдастық кездесуде өткізді. Ресми ойындарға әлі қатысқан жоқ. Еуро – 2016 іріктеу ойынында Исландияға қарсы ойында қосалқы құрамда болды.

 Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button