Sport

Жүлде жеткізбей тұр

Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан әйелдер арасындағы бәсеке түскен Александра Троицкая мәре сызығына жете алмай, жарысты аяқтады.

[smartslider3 slider=2066]

Бұған  дейін шорт-тректен 1000 метр қашықта сынға түскен Әділ Ғалиахметов аталған қашықтықты 1:24:855 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші орынға ие болған еді, алайда бұл көрсеткіш ширек финалға шығуға жеткіліксіз болды.

Сондай-ақ шорт-тректен аралас эстафета жарысына шыққан Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова да жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.

Ал биатлон жарысында 20 шақырымға жүгірген Владислав Киреев мәре сызығын 25-ші болып кессе, Александр Мухин 52-ші орында тұрақтады.

Кеше шорт-трекшілердің 1500 метрге жүгіруден өткен жарыста Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша сынға түсіп, Әділ 2:11.83 уақыт көрсетіп жартылай финалға шықты. Ал Денис Никиша жарыс жолында құлап, бәсекеден шығып қалды. Сондай-ақ Қазақстан сапынан Ольга Тихонова 1000 метрлік жарысқа шығып, жүлдеден тыс қалды.

Бүгін биатлоннан ерлер арасындағы спринт жарысы өтеді. Бұл сынға Владислав Киреев қатысады.

Жалпы, Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түсуде. Бірақ әзірге жүлдеге қол жетпей жатыр.

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button