Білім

Жүлдегерлерге жеңілдік жоқ

ҰБТ тапсырып, жоғары балмен грантқа жетпегендердің талап-тілектері биыл ескерілді десе де болады. Себебі жаңа заңға сәйкес, «Алтын белгі» иегерлері, түрлі байқаулар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарына мемлекеттік грантты тағайындауда ешқандай басымдылық берілмейді.

Білім және ғылым министр­лігі жаңа заңнамасында талап бәріне ортақ деп шешті. Министр Ерлан Сағадиев бұл жайтқа қатысты «Енді мемлекеттік гранттарды тек ҰБТ нәтижелеріне қарап береміз. Әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты біз де дарынды жастарды университеттің өзі іздейтіндей жүйеге көшеміз. Ол үшін университет басшылығына басқаруда қаржылық, академиялық еркіндік берілді» деген аз-маз түсініктеме берді.
Министрдің айтуынша, студенттер түрлі деңгейде өтетін байқауларда өз оқу орындарының беделін арттыруға үлес қосуы тиіс. Ал спортшы студентке жеңілдік беру-бермеу туралы шешімді ректор қабылдайды. Білімімен, дарынымен көзге түскен түлектер басқалармен бірдей балл жинаған кезде ғана басымдылыққа ие болады. Сондай-ақ, министр мектептерде дене шынықтыру сабақтарынан бөлек жарыстарға дайындалуға спорт сағаттары 1-2 сағатқа көбейтілгенін айтты.
Бұл мәселеге біржақты қарау­ға болмайды. Күні кеше ғана Алматыда жүздеген спортшы түлектер мен олардың әке-шешелері оқуға тегін түсе алмағандарын айтып, наразылық білдірді. Еліміздің чемпиондары мен халықаралық дода жеңімпаздарының көпшілігі пәндік емтиханнан аз балл жинаған. Оның есесіне мектеп қабырғасында спортпен айналыспаған оқушылар ұпаймен озып, грантқа іліккен делінген КТК жаңалықтар қызметінде.
Министрлік елімізде даңқты спортшы атану үшін спортқа бері­ліп, ынта-шынтамен дайындалу керектігін ескермеген сыңайлы. Баласы бес дүркін чемпион атанған Қанағат Әбдірәсілұлы есімді ата-ана дәл осылай дейді. «Балам ҚР спорт шеберінің кандидаты, халықаралық турнирді жеңіп алған. Спорт деп жүгіріп, жиынға кетеді. Онда бір ай жатады, жарыс күндері 15-20 күн сабақтан қалады» дейді көп балалы әке. Енді қиын болса да, ақылы бөлімге оқытуға бел буып отыр.
Жаңа ереже бойынша, ҰБТ тап­сырып, конкурсқа қатысқан түлек­тердің ұпайы бірдей болған жағдайда, білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дип­ломның орташа балы жоғары адам­дарға беріледі. Егер ол да бірдей болған жағдайда бейіндік пәндер немесе шығармашылық емтихандар бо­йынша алған балдары ескеріледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button