Жаңалықтар

Жүлделі орынды иеленді

Кеше Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Мәскеуде өткен грэпплингтен әлем чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.

[smartslider3 slider=1417]

Грэпплингтен әлем чемпионаты балалар, жасөспірімдер және ардагерлер арасында өтті.

300-ден аса спортшы бақ сынаған байрақты бәсекеде ел құрамасы командалық есеп бойынша 2-орынды жеңіп алды. Құрама команда қоржынында – 3 алтын, 6 күміс, 10 қола медаль.

Қатысушылар әлем чемпионатында аталмыш спорт түрінің грэпплинг No Gi және грэпплинг Gi бөлімдері бойынша бақ сынасты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button