Жаңалықтар

Жүлдемен оралды

Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан жастар құрамасы әлем кубогының топтық кезеңі мен әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетті. Ұлттық құрама мүшелері 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жеңіп, жарыстың үздіктері қатарына кірді.

[smartslider3 slider=1998]

Жүлдемен оралған саңлақтарды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.

Доданың алғашқы күндері әлем кубогының топтық кезеңінде спортшыларымыз сынға түсті. Дарья Гаврилова, Алина Дауранова жасөспірімдер арасында командалық спринтта ІІ орын иеленді. Ал Ақжол Нұралы 3-орын алды. Алина Дауранова 1500 метрге жүгіруден 235 ұпай жинап, жалпы есепте топтық кезеңнің жеңімпазы атанды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button