Жаңалықтар

Жұлдыздар Астана аспаны астында жиналды

«Астана-Арена» стадионының алдындағы алаңда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Болашақтың энергиясы» атты ғаламат шоу өтті. Сағат 20.00-де басталып, түнгі 01.00-ге дейін жалғасқан концертке қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары қатысты.

Ашық аспан астында немесе заманауи тілмен айтқанда Open Air концерті Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Шақыртылған жұлдыздар да «өңшең сен тұр мен атайын» дейтіндер. Атап айтсақ, Қазақстан тарапынан Бүркіт, Қайрат Нұртас, Ділназ Ахмадиева, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Айқын Төлепберген, Мақпал Исабекова, Алмас Кішкенбаев, Мәдина Сәдуақасова, «Жігіттер», «Ринго», «КешYOU» т.б. осы концертке қатысты.

Ресейден келген Максим, Джиган, Потап пен Настя, Катя Лель, Анастасия Волочкова, Глюкоза, Сати Казанова, Томас Невергрин, Анна Седакова, «Блестящие», «Градусы» топтары, басқа да жастардың сүйікті әншілері Астана аспаны астында өнер көрсетті.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button