Басты ақпаратЖаңалықтар

Жұлдыздар жарқырайтын түн

Елорда әкімдігі Жаңа жылда шаһар тұрғындары үшін керемет мерекелік бағдарлама әзірледі. Сағат 21.00-ден 03.00-ге дейін «Хан Шатыр» СОО мұз қалашығында 2017 жылды қарсы алуға ниетті астаналықтар қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама мен концертті тамашалайды.

salut

Сіздер үшін Айқын Төлепберген, Әли Оқапов, Маржан Арапбаева, ағайынды  Жүгінісовтер,  «Орда» тобы, «Дабыл» тобы және т.б. әртістер өнер көрсетеді. Еліміздегі бас шыршаның жанында ашылған мұз қалашығына келушілер қызықты кешке куә болады.

Дәстүрге айналған мерекелік отшашу елорданың үш ауданында, атап айтқанда, «Хан Шатыр» СОО мен Есіл өзенінің жағалауында, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен А.Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлзарда болады  деп күтілуде. Ал коньки тебуді ұнататын жандар үшін жағалаудағы жаңа жылдық түн ерекше болмақ. Мұнда қала тұрғындары үшін жаппай коньки тебу ұйымдастырылады.

Қыстың қызығынан құр қалмаңыздар!

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button