Жаңалықтар

ЖҰМЫС БАБЫ БАЙЫПТАЛДЫ

Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Тілеповтың төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөніндегі консультативтік кеңестің отырысы өтті. 

Үкіметтік емес ұйымдардың және этномәдени бірлестіктердің мәдени-бұқаралық іс-шара­ла­рын ұйымдастыру және өткі­зу кезіндегі мемлекеттік орган­дар­дың қолдауы мен ықпалдасу жұ­мыстары аясында атқарылған істерге қалалық Мәдениет бас­қарамасының басшысы Б.Ма­жағұлов шолу жасады. Сонымен қатар, әкімдік жанын­дағы Әйелдер істері және от­ба­сылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның салалық қоғамдық бірлестіктермен бірге атқарған жұмыстармен Л.Құ­сайынова таныстырды.

Елордалық үкіметтік емес ұйымдардың алдағы жұмыс жос­пары жайына, Азаматтық фо­румға дайындық барысына «ҮЕҰ Астана форумы» заңды тұлғалар бірлестігінің же­текшісі Б.Ахметжанова тоқталып өтті.

Ол: «Меніңше, «әріп­тес­те­рі­­мізді» бір үстелдің басында жинап, бір-біріміздің көзімізге тура қарайтын уақыт жетті. Көптеген үкіметтік емес ұйым­дардың жетекшілерін күндіз
шам­мен іздеп таба алмаймыз.

Нақты жұмыс атқарып, мем­ле­кеттің шын серіктесіне айнал­ған ұйымдардың қызмет сапасын жақсартып, дараларын бағалауға тиіспіз» деді.

Келесі кеңесте ортақ мәсе­лелерді оңтайлы шешу жөнінде орынды ой қозғалды.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button