Жаңалықтар

Жұмыс барысын баяндады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Президентке 11 ай ішіндегі елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін жүзеге асырылып жатқан шаралар және халыққа вакцина салу жұмыстарының барысы туралы баяндалды.

[smartslider3 slider=1565]

Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай ­Көлгіновке жылумен қамту, инфрақұрылым, инженерлік желілер, әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандардың құрылысы сияқты салалар бойынша қордаланған мәселелерді шешуге қатысты, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button