ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Астанада жыл басынан бері тоғыз рет бос орындар жәрмеңкесі өтті

Ағымдағы жылдың екін­ші тоқсанында Астанада жұмыссыздар саны – 22,8 мың адамды, ал жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады.­

007

Елордада жұмыспен қамтыл­ған­­дардың қатарында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 95% немесе 442,8 мың адамды (соның ішінде 220,6 мыңы – ер, 222,2 мыңы – әйел) құрады. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 5% немесе 23,4 мың адам. Соның ішінде 8,8 мыңы – ер, 14,6 мыңы – әйел.
Осы күндерге дейін Жұмыспен қамту орталығына 8 487 адам жүгінген. Олардың жартысына жуығы тұрақты жұмыс орындарына және 1 244 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Сондай-ақ, 623 адам кәсіптік оқытудан өтіп жатса, 435 түлек жастар практикасына қатысуда және 105 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыстарға орналас­тырылды.
Бұған қоса, жыл басынан бері тоғыз мәрте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сонымен бірге әйелдер мен жастарға арналған және арнайы білім беру саласына да қатысты жәрмеңкелер ұйымдастырылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы туралы елорда тұрғындарына жан-жақты ақпарат беретін шағын топ жұмысын бастады. Бұл топтың жұмысы ар­қы­лы Астана тұрғындары еңбек нарығындағы жағдай мен кадрларға сұраныс жайлы толық ақпарат ала алады.
Қолға алынған шаралардын нәти­же­сінде әйелдер жұмыссыздығы 1,6 пайызға (6,3%-дан 4,7%-ға ), жас­тар жұмыссыздығы 0,4 пайызға (5,6% -дан 5,2%-ға) төмендеген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button