Жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, тиісті жарлыққа қол қойды. Бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Бұл туралы бүгін Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев пен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астана қаласы бойынша жұмысшы мамандықтар мен кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспар 6 бағытты қамтитын 98 тармақтан тұрады. Бұл шаралар қаламыздағы жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы, ірі кәсіпорындар және білім беру ұйымдарының қатысуымен өтеді.
Спикерлер биыл білім, мәдениет, спорт салалары бойынша атқарылатын іс-шараларға тоқталып өтті.
Кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша (14 шара):
1) «WorldSkills», «JasSkills», «DeafSkills» кәсіби шеберліктің қалалық чемпионаттары ауқымы кеңейтіліп, қатысушылар 15 алаңда (колледждер мен ЖОО-дар базасы), 49 құзыреттілік бойынша 500-ден астам студенттер қатысады деп жоспарланып отыр.
3) Колледждердің базасында мектептің жоғары сынып оқушылары жұмысшы мамандықтардың дағдыларын игереді. 10-11 сынып оқушылары мектепте оқумен қатар колледж базасында 1,5 жыл жұмысшы мамандығының практикалық дағдыларын меңгеріп, аттестат және жұмысшы мамандығының берілуі туралы куәлік алады. Масштабты кеңейту аясында 300 оқушы қабылдау жоспарланған.
Анықтама үшін: Өткен жылы бұл пилоттық жоба ретінде басталып, 156 жоғары сынып оқушысы мектеппен бірге 3 колледжде аспаз, тігінші, электр және газбен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша білім алуды бастады. Алдағы уақытта оларға жұмысшы біліктілігін растайтын құжат беріледі.
4) Елордамыздағы мектептерде 100 бейіндік сыныптар ашылады. Елордадағы 100 мектепте жоғары оқу орындарымен және колледждермен бірге экономика салаларын ескере отырып, келесі бағыттар бойынша 100 бейіндік сыныптар ашылады: (педагогикалық – 40 сынып, медициналық – 10 сынып, тігіншілік – 10 сынып, қызмет көрсету – 10 сынып және дизайн – 10 сынып).
Осы мақсатта кәсіпорындар мен оқу орындарында тұрақты түрде кәсіптік бағдар беру іс-шаралары ұйымдастырылады.
Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге және колледждердің тартымдылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар (10),
1)Колледждерді интернационализациялау жоспарланған
Кәсіптік білім беруді жетілдіру мақсатында шет мемлекеттегі колледждермен бірлесіп білім беру бағдарламалары, оқыту әдістемесін және түлектердің білім сапасын бағалау жүйесі әзірленіп, оқытушылар мен студенттер арасында екі жақты тәжірибе алмасу қолға алынады.
Анықтама үшін: «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі Сингапур политехникалық колледжімен, Технологиялық колледж SEPR колледжімен (Франция), Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі Мехмет Зеки Балчи атындағы Кәсіптік-техникалық колледжімен (Түркия) екі жақты меморандумдарға қол қояды.
2) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Дағдыларды меңгеру фабрикасы» форматы бойынша ресурстық орталықтарды ашу
Бұл жоба колледж базасындағы ресурстық орталықтар студенттерді заманауи оқу үдерісімен, құрал-жабдықтармен және практикалық оқыту мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету арқылы олардың кәсіби дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Ағымдағы жылы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі жанынан Аспаздық академиясын ашу қолға алынды. Ол тек жергілікті студенттер мен оқытушылардың ғана емес, сонымен қатар барлық өңірлердің студенттері мен оқытушыларының оқу-тәжірибесін арттыратын орынға айналады.
3) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын заманауи оқу құралдарымен жабдықтау қарастырылған.
Осыған орай жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілер тарапынан жеке инвестицияларды тарта отырып 2025-2027 жылдары колледждерді материалдық-техникалық базасы жанартылады. > Райхан Рахметова: Сонымен қатар, колледж студенттерін жатақхана орындарымен толық қамтамасыз ету маңызды.
Қазіргі таңда, елордалық колледж студенттері үшін жатақхана тапшылығы орын алуда.
Осыған орай ағымдағы жылы колледж студенттеріне арналған 1 мың орындықты жатақхананы салу және пайдалануға беру жоспарланған.
4) Колледждерді халықаралық салалық сертификаттау (4 колледж)
Сертификаттау оқу бағдарламаларын жетілдіруге, әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шетелдік білім беру және кәсіби ұйымдарымен серіктестік орнатуға көмектеседі.
Анықтама үшін: Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі, «Richemont» (Швейцария), «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі және Технологиялық колледж CITY & GUILDS техникалық білім беруді дамыту институты (Ұлыбритания)
Жұмыс берушілердің жұмысшы мамандарды оқытуға қатысу аясын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар (9)
1) Педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің шетелде тағылымдамадан өтуі (25 адам), бұл педагогтерге заманауи технологиялармен, инновациялармен және жұмыс әдістерімен танысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды оқу үдерісіне интеграциялануға ықпал етеді. Бұл бағытта Қытай, Түркия, Франция, Корея, Сингапур елдерінің кәсіпорындарымен ынтымақтастық жасау жоспарланып отыр.
2) «Professional Communication» жұмыс берушілер форумын өткізіледі.
Мақсаты: заманауи еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, жоғары сапалы білім беру ортасын құру, колледждердің білім беру әлеуетін нығайту саласындағы мәселелерді бизнеспен бірлесе шешу. 200 жұмыс беруші қатысады деп жоспарланып отыр.
Жұмысшы мамандықтардың имиджін насихаттауға бағытталған іс-шаралар (10)
1) Шоколодты Қазақстан чемпионаты өтеді (шоколад қосылған круассан)
Құзыреттілікті дамыту мақсатында «Наубайшы» мамандығы бойынша білім беру үдерісін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіріп, кәсіпті таныту көзделіп отыр.
Бұл чемпионат алғаш рет француз әріптестердің қатысуымен Технология колледжі базасында, ағымдағы жылдың мамыр айында өтеді. Шараға еліміздің барлық колледждерінің студенттері қатысады. Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары 2025 жылдың қыркүйек айында Францияда өтетін әлем чемпионатына баратын болады.
2) «ӘСEM FASHION» жас дизайнерлердің республикалық байқауын тігінші мамандығы бойынша іс-шара Ұлттық киім күні аясында ағымдағы жылдың наурыз айына жоспарланған, шараға атақты отандық дизайнерлер шақырылады. Киім өндірісі бойынша кадрлар даярлайтын колледждердің студенттері дайындаған киім топтамалары көрсетіледі.
3) «AstauFest-2025» халықаралық гастрономиялық фестивалі қоғамдық тамақтандыру кәсіптеріне арналған.
Бұл фестиваль дәстүрге айналып, жыл сайын қатысушылар қатары да, қатысушы елдер саны да артып келеді. Қатысушылар Кореядан, Түркиядан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден, Якутиядан, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарынан келеді.
Фестиваль осы жылдың қазан айында Халықаралық аспазшылар күні өтеді. Фестиваль аясында гастрономиялық турнирлер, шеберлік-сыныптар, көрмелер мен дегустация өтеді.
4) Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ағымдағы жылдың көктемінде жұмысшы мамандықта аллеясын ашу жоспарлануда.
Мәдениет, спорт басқармаларымен бірге бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр, олардың кейбіреуін атап өтейін:
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жыл бойы кәсіби мерекелерге арналған концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Мысалы, Су шаруашылығы қызметкері, Металлург, Құрылысшы, Шахтер, Бұрғылаушы, Энергетик және т.б. қызметкерлер күні.
Жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Адал еңбек – адал азамат» концерті
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қазақ эстрадасының жұлдыздары мен Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Адал еңбек – адал азамат» атты ауқымды гала-концерт өткізу жоспарлануда.
Түрлі мамандық өкілдеріне арналған «Мамандығым – мақтанышым» қалалық шығармашылық байқауын өткізу 2025 жылдың шілде айына жоспарланған. Байқаудың басты мақсаты – қаламыздағы әрбір еңбек ұжымының, өз саласы маманының рөлін көпшілікке таныту және маңыздылығын ашу. > Райхан Рахметова: Конкурсқа әр мамандық бойынша әкімдіктің тиісті басқармасы мен ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысады.
2025 жылдың шілде айында Жұмысшы мамандықтары жылына арналған Суретшілер симпозиумын өткізу жоспарланған. Симпозиумның мақсаты – суретшілер арасындағы өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу. Симпозиумға кәсіби суретшілер қатысып, жұмысшы мамандықтарының біріне арналған бір сурет салады. Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтар өкілдері үшін шеберлік-сыныптар мен көрмелер өткізіледі.
Елорда мұражайларында «Ер дәулеті – еңбек», «Еңбекпен ел көгерер» тақырыптық экскурсиялар мен көрмелер ұйымдастыру жоспарланған.
Елорда театрларында жұмысшы мамандықтарын дәріптейтін және насихаттайтын қойылымдарды көрсету қарастырылған.
Астана қаласындағы қуыршақ театрында «Бала Қаныш» спектаклі қойылады. «Жастар» театрында «Жолы болғыш жігіт» қойылымы көрсетіледі. Бұл ретте Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры «Қаланың жүрегі» спектаклін ұсынады.
Коммуналдық қызметкерлер арасындағы футболдан қалалық турнир. «Астана Тазалық», «Астана-Теплотранзит», «Астана Зеленстрой» және басқа да коммуналдық ұйымдардан 48 команда құрылып, барлығы 480 қатысушы қатысады.
Теміржолшылар арасында ұлттық ойындар мен волейбол чемпионаты.
Іс-шара сәуір айында «Сарайшық» ауданы аумағында өтеді және машинисттерді, теміржолшыларды, диспетчерлерді, жолсеріктерді және инженерлерді қосқанда 500-ге жуық қатысушының басын қосады.
Астананың салауатты өмірді қамтамасыз ету саласының қызметкерлері арасындағы спартакиада мен ұлттық ойындардан турнир.
Қазан айында елордадағы сала жұмысшыларымен спартакиада мамыр айында ПИК (КСК) және МИБ (ОСИ) қызметкерлері арасында ұлттық ойындардан турнир өтеді. 300-400 адам қатысады деп күтілуде.
Қызмет көрсету саласы мен инфрақұрылым қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрлерінен турнир.
Турнир наурыз айында өтеді, оған «Астана РЭК», «Астана-Энергия», «Астана су арнасы», «Elorda Eco System», «Ikomek 109» және «Астана-Теплотранзит» сияқты ұйымдардан шамамен 500-600 қатысушы қатысады.
Жол және көлік инфрақұрылымы қызметкерлері арасында волейболдан қалалық чемпионат.
Чемпионат маусым мен шілде аралығында өтеді және 250-ге жуық қатысушыны біріктіреді.
Қалалық қызмет көрсету қызметкерлері арасындағы отбасылық эстафета.
Эстафета тамыз айында Астана триатлон-саябағында өтеді және оған 450-ге жуық қатысушы келеді.
«Еңбек күні» мерекесіне орай коммуналдық мекемелер арасында жаппай веложарыс.
Қыркүйек айында 700-ге дейін адам қатысатын веложарыс жоспарланған.
Елорданың өндірістік зауыттарының жұмысшылары арасындағы спартакиада.
Шара қаладағы өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшыларының қатысуымен 2025 жылдың шілде айына жоспарланған. Жарыс зауыт қызметкерлерін спорттық өмірге тартуға бағытталған.