ЖаңалықтарҚала мен Сала

ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНДЕРГЕ ЖӘРДЕМДЕСТІ

Жұмыспен қамту орталығы

Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге келушілердің дені жастар болды. Сол күні олар бір уақытта бірнеше жұмыс берушімен әңгімелесуге мүмкіндік алды. Әсіресе, оқу орындарының түлектеріне «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жас­тар практикасына қатыса алатыны түсіндіріліп, халықтың нысаналы топтарына жататын жандарға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылды.

Қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың айтуынша, биыл әртүрлі жеке меншік нысанындағы жұмыс берушілермен, атап айтсақ, «Халық банкі» АҚ, «Жоғарғы соттардың аппараты» ММ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде 912 бос орынға заңгер, экономист, есепші, бағдарламашы, метролог, менеджер, әлеуметтік жұмысшы және т.б. мамандықтар бойынша 123 шарт жасалыпты.

Қазіргі уақытта Жұмыспен қамту орталығы жастар практикасын ұйымдастыру бойынша қала­лық жұмыс берушілерден өтінім қа­был­дауда. Сонымен бірге мұнда үш ай оқу мерзімімен «аспаз», «тігінші», «мектепке дейінгі білім беру тәр­биешісі», 10 ай оқу мерзімімен «байланыс монтажшысы-кабельші», «тігінші», «пішуші», «күтуші-кіші мейірбике» мамандықтары бойынша кәсіптік бейімдеуден өтуге тілек біл­діргендерден өтініштер қабылдануда. Бағдарламаға қатысу үшін жұмыссыз азаматтар ауданы бойын­ша жұмыссыз ретінде тіркеліп, Жұмыспен қамту ор­­талығына келіп өтініш жазуы қажет.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button