Жаңалықтар

ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНГЕ ЖӘРДЕМДЕСТІ

Кеше «Астаналық базарда» жұмыс жәрмеңкесі өтті. Осымен жетінші рет өткізіліп отырған жәрмеңке азаматтарға жұмыспен қамту бойынша жәрдем көрсету, қаладағы еңбек нарығының  сұранысымен таныстыру мақсатымен ұйымдастырылып отыр. 

Шараға жиырмадан астам жұмыс беруші компания­лар, қызмет көрсету орталықтары мен білім меке­мелерінің өкілдері қатысты. Астана қаласы Еңбек инс­пекциясы басқармасы мен Зейнетақы төлеу жөнін­дегі мемлекеттік орталық қызметкерлері еңбекті қор­ғау, зейнетақы мен жәрдемақы алуға қатысты тұрғын­дардың сұрақтарына жауап берді.

– Бос жұмыстар жәрмеңкесінің көмегімен жыл басынан бері мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарының төрт жүзге тарта түлегі «Жас­тар тәжірибесі» арқылы қызмет орындарын тапты. Одан бөлек, жәрмеңкеге келушілер тегін заңгер кеңесін алды. Әкімдік тарапынан ұйымдастырылатын шараларға жұмыссыздардың белсенді араласуы, олар­дың еңбек нарығындағы қажеттіліктерге бейімделуі қаладағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, – дейді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Омар Олжас.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button