Жаңалықтар

Жұмыс іздесең жәрмеңкеге кел!

Ертең елорданың «Жастар» сарайында сағат 10.00-13.00 аралығында бос жұмыс орындарын ұсынатын жәрмеңке өтеді. 

ERM_4835

Жастарды жұмыспен қамту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қала әкімдігіне қарасты «Астана жастары» ұйымы қолға алған шара барысында жоғарғы оқу орнын бітірген түлектерге сауда және экономика саласындағы жұмыс орындары ұсынылады.
Жұмыссыздық деңгейін азай­туға және мамандарға кәсіби бағдар беруге бағытталған жәр­меңкеге 40-тан аса жұмыс беруші компания қатысады. Олардың қатарында «Trending Retail Group», «12 месяцев-Астана», «КаР-Тел» ТМ Beeline, «Vita Clean» және тағы басқа кәсіп­орындар бар. Жұмыс беруші әрбір компания кемінде 3 адамға жұмыс тауып беруге ниет білдіріп отыр.
Жәрмеңкеге 40-тан астам жұмыс беруші қатысады. Бұл шара жоғары білімі бар түлектерге қызмет саласын зерттеуге және лайықты жұмыс табуға мүмкіндік береді. Әрбір азамат бүгінде қандай жұмыс орындары бар, қалаға қандай мамандар қажет, жұмысқа тез орналасу үшін не істеу керек секілді сауалдарға кәсіби мамандардан жауап ала алады. Бұдан бөлек тегін құқықтық көмек көрсету, аула клубтарын дамыту, еріктілер қозғалысын жандандыру, жұмыс­қа тұрғызуға жәрдемдесу және кәсіби бағыт-бағдар беруді жүзеге асырып келеміз, – дейді мекеменің Жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Айдана Мұсатаева.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button