Әлеумет

Жұмыс орындары ашылады

Биыл Астана қаласында 30-ға жуық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Елорданың дамуын қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыру үшін жеке инвестициялар да тартылып жатыр. Жеке инвестициялар көлемі 118 млрд теңгеден асатын болады. Жобалардың жүзеге асырылуы барысында 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

– Жобалар аясында өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпорындар, білім беру саласындағы 5 нысан (мектептер, балабақшалар), логистика саласындағы 4 жоба, спорт кешендері және тағы басқа нысандар болады, – деп жазды Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button