Жаңалықтар

Жұмыс сапасы – басты талап

Елорда әкімі Алтай ­Көлгінов «Фемида» және «Берекет» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты.

«Проблемалы деп танылған үйлерге барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау құрылыстың қандай қарқынмен жүріп жатқанын көруге мүмкіндік береді. Құрылысы ұзаққа созылған үйлерде жағдай әртүрлі: бір жерде тек қазаншұңқыр ғана болса, енді бірінде үйдің қаңқасы ғана болды. Кей ғимараттарда бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп, үй сызбасына өзгерістер енгізуді қажет етеді. Кей үйлерде 5 қабаттың орнына 9 қабат салынып, үлескерлерге сатылды.
Бүгін «Фемида» (Абат) және «Берекет» тұрғын үйлерінің құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Тұрғындармен кездесулерде аталған үйлердің үлескерлері бірқатар маңызды мәселелерді көтерген болатын, олардың басым бөлігі шешілді. Инженерлік желілерді қосамыз. Үйлерді жылыту маусымына дайындау қажет. Үй құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлап отырмыз.
Құрылысшыларға қойылатын басты талап – құрылыс жұмыстарын сапалы орындау. Аумақты абаттандырумен айналысу қажет» деп жазды Алтай ­Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button