Елорда тынысы

Жұмыс тобы құрылады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов қала басқармалары, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ және жеке мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп газдандырудың проблемалық мәселелері бойынша кездесу өткізді.

[smartslider3 slider=2018]

Басқосуда газ құбырының жиі бітелуі, апаттық қызметтің жұмысы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мен жеке сервистік ұйымдар арасындағы жауапкершілік туралы мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Е.А.Қизатовтың төрағалығымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Оның құрамына аталған мәселелерді шешу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ және жеке ұйымдардың өкілдері шақырылды. Осы бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button